Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали Орталық мешітте жамағатпен кездесу өткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған құжаттардың бірі — "Қажының рухани келбеті" құжатын таныстырды.
Жиын барысында алда келе жатқан қасиетті Қажылық маусымына дайындық, қажылыққа баратын азаматтардың діни әрі рухани дайындығы, мұсылманның мінез-құлқы мен әдебі туралы кеңінен түсіндірілді.
Ұстаз Әбдіқадір Сейтқали аталмыш құжаттың басты мақсаты — қажылық сапарына ниет еткен әрбір азаматтың діни білімін арттыру, рухани тұрғыда кемелденуіне жол ашу және Қажылық парызын шариғат талаптарына сай өтеуге бағыттау екенін атап өтті.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Қажылық рәсіміне байланысты нақты мәліметтер ұсынылды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі