Қоғамға пайдалы іс жасаған адам ісінің жақсылығын өзгелер көрген сайын сауабын алады. Тіпті жақсылық жасаушы кісі дүниеден өтіп кетсе де, көзі тірісінде қоғам үшін жасаған ісінің сауабы артынан барып тұрады.
Қоғамға пайдалы іс жасаған адам ісінің жақсылығын өзгелер көрген сайын сауабын алады. Тіпті жақсылық жасаушы кісі дүниеден өтіп кетсе де, көзі тірісінде қоғам үшін жасаған ісінің сауабы артынан барып тұрады.
Ораза Айт — Рамазанның қайырлы аяқталғанын сүйіншілейтін айрықша мереке. Әйтсе де, ізгі амалдар осы мерекемен тоқтап қалады деген сөз емес. Керісінше, мұсылмандар мерекеден кейін де Жаратушымыздың разылығына жету үшін бұдан да зор құлшыныспен жақсылық жасауы керек.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды. Олар: ережеп айының алғашқы түні, шағбан айының ортасы (бәраат түні), Қадір түні және айттың бірінші күні», – деген.
Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деген. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Нұрислам мешіті имамы Зейне Жұмабайұлының ұйымдастыруымен жиырма отбасыға азық-түлік қоржыны берілді.
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және халыққа жақын, жәһаннамнан алыс, Сараң – Алладан, жәннаттан және ел-жұрттан алыс, жәһаннамға жақын» деген.
«Кімде - кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауап жазылады» және «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деген Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын). Бұл сөзімен пайғамбарымыз үмбетін ізгілік жасауға шақырды.