«Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында Меркі ауданы, Қостоған ауылы «Ботбай баба» мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбайдың ұйытқы болуымен үш көп балалы отбасыға қайырымдылық жасалды.
Қазақ қоғамында отбасы — қашан да қасиетті ұғым. Оның ішінде көп балалы отбасы – ұлттың ұлы құндылығы, елдің демографиялық, рухани және әлеуметтік тірегі. Мұндай отбасылар – ұлттың ұрпағын өсіріп, ел болашағына үлес қосатын маңызды әлеуметтік институттардың бірі.
Игі іс-шара барысында отбасыларға күнделікті тұрмысқа ұн, қант, сұйық май, күріш, макарон, шәй, тәттілер және т.б. қажетті азық-түлік таратылды.
Көмек алған көп балалы отбасылар ауыл имамына және жомарт жандарға өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Алла Тағала дін қызметкерлерінің істеп жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі