Тазалық – имандылықтың жартысы. Осы ұстанымды негізге алған «Иса Ахмет» мешітінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, мешіт ауласы толықтай тазартылды.
Тазалық – имандылықтың жартысы. Осы ұстанымды негізге алған «Иса Ахмет» мешітінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, мешіт ауласы толықтай тазартылды.
Жақсылық – жан жылуы. Осы асыл ұстанымды арқау еткен «Әбу Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 15 мұқтаж жандарға қаржылай сыйлықтар табысталды.
«Асым ата» мешітінде әлеуметтік аз қамтылған жандарға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Мұқтажға медет болу – асыл дініміздің айқын қағидаларының бірі. Осы ұлы мұратты ұстанған «Тұрғани» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 45 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері табысталды.
Алланың разылығын көздеген ізгі жандар Тараз қаласындағы «Тұрғани» мешітінде ұшыр тарату шарасын ұйымдастырды. Қайырымдылық ниетпен өткен игі іс-шара аясында 50 отбасыға қап-қап картоп үлестіріліп, көмекке мұқтаж жандардың алғысына бөленді.
Жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында «Тұрғани» мешіт аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мешіт алдына кең көлемді бастырма салынуда.