Меркі ауданының орталық мешітінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Меркі ауданының орталық мешітінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінде қасиетті жұма күні ерекше рухани шара өтті. Жамағат алдында облыстық орталық мешіттің наиб имамы Сейтқали Әбдіқадыp тағылымды жұма уағызын жүргізді.
«Алла Тағаланың қонағы болу Алланың шақыруымен болады...» - дей келе өкіл имам Асқар Сатылғанов «Жәми» мешітінің ұстаздарына «Ұмра» сапарына жолдама табыстады.
Шу ауданының орталық “Жәми” мешітінде өкіл имам Асқар Сатылғанов жұма уағызын жүргізді. Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында өткен уағыз “Құрметтің шыңы – ата-анаға ілтипат” тақырыбына арналды. Онда әкені, ананы қалау, сыйлау және құрметтеу мәселелері кеңінен сөз болды.
Сарысу ауданы, Өндіріс ауылындағы Жаманқара мешітінің жанында жамағатқа арналған жаңа асхана құрылысы басталды. Бұл бастама — ауыл тұрғындарының көптен күткен жобасы. Жаңа асхана діни мерекелерде, жамағат жиындарында және түрлі қайырымдылық шараларында жиналған жұртқа кең әрі жайлы орын ұсынбақ.
Сарысу ауданы, Байқадам ауылындағы Майлыбай мешітінде бүгінде ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл мешіт — ауылдың рухани орталығы, жамағаттың құлшылық ордасы. Жөндеу жұмыстары басталғалы бері мешіттің ішкі және сыртқы келбетін жаңарту, инженерлік жүйелерін толықтай ретке келтіру, абаттандыру шаралары қолға алынған.