Тараз қалалық «Әулие Ата» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Әсем киім – әйел ажары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Тараз қалалық «Әулие Ата» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Әсем киім – әйел ажары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағаты өтті. Шараны аудан бас имамы Азамат Берікұлы жүргізіп, «Қажылық визасынсыз және заңсыз жолмен қажылыққа барудың үкімі» тақырыбында түсіндірме жасады.
Қордай ауданы, Бетқайнар ауылының «Бетқайнар» колледжінде студенттердің қатысуымен «Ұлтаралық татулық» тақырыбында семинар өтті.
Қордай ауданы, Отар ауылының «Атамқұл» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 10 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды.
Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылындағы №21 мектепте оқушылармен «Жат ағымдардың әлеуметтік желідегі тұзағы» тақырыбында семинар өтті. Кездесуді Қордай ауданы бойынша «Шығыс» аймағына жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жүргізді.
Қордай аудандық ардагерлерінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүр мен рухани мұраның сабақтастығын насихаттау.