Қордай: «Қажылық визасынсыз және заңсыз жолмен қажылыққа барудың үкімі» тақырыбында пәтуа сағаты өтті

Қордай: «Қажылық визасынсыз және заңсыз жолмен қажылыққа барудың үкімі» тақырыбында пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағаты өтті. Шараны аудан бас имамы Азамат Берікұлы жүргізіп, «Қажылық визасынсыз және заңсыз жолмен қажылыққа барудың үкімі» тақырыбында түсіндірме жасады.

Пәтуа сағатында қажылық құлшылығын белгіленген тәртіппен орындаудың маңызы айтылып, қажылыққа бару барысында заң талаптарын сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар қажылық визасынсыз және заңсыз жолмен қасиетті мекендерге баруға қатысты діни үкімдер мен жауапкершілік мәселелері сөз болды.

Аудан бас имамы жамағатты діни құлшылықтарды дұрыс әрі заң талаптарына сай орындауға, күмәнді жолдардан аулақ болуға шақырды. Жиын соңында елдің амандығы, халықтың бірлігі мен берекесі және мұсылман қауымының игілігі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: