Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылындағы №21 мектепте оқушылармен «Жат ағымдардың әлеуметтік желідегі тұзағы» тақырыбында семинар өтті. Кездесуді Қордай ауданы бойынша «Шығыс» аймағына жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жүргізді.
Семинар барысында әлеуметтік желілерде таралатын діни мазмұндағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, күмәнді діни парақшалар мен белгісіз ақпарат көздеріне ермеу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіну және жат ағымдардың ықпалынан сақтану жөнінде насихат айтылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұстазбен пікір алмасты. Семинар соңында елдің амандығы мен жастардың болашағы үшін дұға жасалып, бата берілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

