Қордай ауданы, Отар ауылының «Атамқұл» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 10 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды.
Балалардың жаңа оқу жылына дайындық жасауына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылыққа жалпы 400 000 теңге қаражат жұмсалды. Игі бастаманы мешіт молдасы Шакиров Нұрлан ұйымдастырып, балаларға қажетті заттарды өз уақытында табыстады.
Қайырымдылық шарасы барысында балаларға білім алудың маңыздылығы түсіндіріліп, жаңа оқу жылында жақсы нәтижеге жетулеріне тілектестік білдірілді. Мешіт тарапынан жасалған мұндай игі істер қайырымдылық пен жанашырлықты дәріптеп, қоғамдағы өзара көмек пен ізгілікті нығайтуға бағытталған.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

