Қордай ауданы, Бетқайнар ауылының «Бетқайнар» колледжінде студенттердің қатысуымен «Ұлтаралық татулық» тақырыбында семинар өтті.
Жиынға «Бетқайнар» мешітінің молдасы Джиенбаев Нұрлан қатысып, жастарға қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың маңызы жөнінде насихат айтты. Семинар барысында ұлттар арасындағы өзара сыйластық, достық пен бірлік, қоғамдық келісімді сақтау, түрлі этнос өкілдеріне құрметпен қарау мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар жастарды ауызбіршілікке, бейбітшілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеудің маңыздылығы айтылды. Кездесу соңында Нұрлан молда елдің амандығы мен бірлігі, халқымыздың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасады. Жастарды татулық пен ынтымақты бағалап, ел игілігіне қызмет етуге шақырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

