Қордай: «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында форум өтті

Қордай: «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында форум өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық ардагерлерінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүр мен рухани мұраның сабақтастығын насихаттау.

Форум барысында Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы «Дәстүрлі дін және ұлттық бірегейлік» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде дәстүрлі ислам құндылықтарының қазақ халқының салт-дәстүрі және ұлттық дүниетанымымен сабақтастығына тоқталып, жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ бас имам жастарды діни білімді сенімді әрі дәстүрлі діни бағыттағы дереккөздерден алуға, жат діни ағымдардың ықпалына түспеуге шақырды. Ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-баба дәстүрін құрметтеу және қоғамдағы бірлікті нығайту бағытында насихат айтты.

Форум соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды ойларымен бөлісті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: