Қордай ауданы, Қордай ауылы «Қордай ауылдық» мешітінде жамағаттың қатысуымен Мәуліт оқылды.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағат мүшелерін 2026 жылғы діни сауат ашу курстарына тарту және шақыру жұмыстары жүргізілуде. Діни сауат ашу курстарының мақсаты – жамағаттың діни білімін арттырып, Ислам дінінің негіздерін дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасау.
Отбасы күніне орай Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы жаңа шаңырақ көтерген отбасына арнайы барып, отбасы құндылықтары, ер азамат пен әйел затының өзара ақылары мен міндеттері жайлы насихат айтты.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлының қатысуымен «Бас имам» сағаты өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жамағатпен ашық пікір алмасып, оларды толғандырған діни сауалдарға жауап беру, мешіт жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өзара байланысты нығайту.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті әйел ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған айлық дастарқан өтті.