«Кеңесхан қажы» мешітінде «Мектепке жол» республикалық науқаны аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 12 отбасыға мектепке қажетті жабдықтар мен сөмкелер табысталды.
Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 120 000 теңгені құрады. Көмек алған ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ақ баталарын берді.
Бұл игі іс-шара балалардың жаңа оқу жылына қуанышты көңіл-күймен қадам басуына сеп болып, мешіт жамағатының әлеуметтік жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындады.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.