«Әл-Әділ» мешітінде «Мектепке жол» науқаны аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 10 отбасыға мектеп сөмкелері табысталып, балалардың жаңа оқу жылына дайындығына қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар әр отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік те таратылды. Бұл игі бастама көпшіліктің жүрегіне қуаныш сыйлап, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға үлкен демеу болды.
Көмек алған жандар алғыстарын айтып, мешіт ұжымына ақ батасын берді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.