«Құлбай баба» мешітінде жамағаттың қолдауымен жаңа кілем төселіп, құлшылық ордасы көркейе түсті. Бұл игі іске жұмсалған жалпы қаражат көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.
Жаңа жайнамаз кілем мешітке ерекше сән беріп қана қоймай, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай жасады.
Жамағаттың бірлігімен жүзеге асқан бұл іс-шара мешіттің рухани орталық ретіндегі мәртебесін арттыра түсті.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.