«Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 10 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл игі іс мұқтаж жандардың тұрмысына демеу болып, жамағаттың әлеуметтік жауапкершілігін айқындады.
Алғысқа бөленген азаматтар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Шараның басты мақсаты – қоғамда өзара қамқорлық пен мейірімділікті насихаттау.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.