«Түркісіб» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында игі шара өтті. Іс-шара барысында 13 отбасыға мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарымен толықтырылған сөмкелер табысталды.
Бұл бастама жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға зор қуаныш сыйлап қана қоймай, ата-аналарға да үлкен қолдау болды. Әлеуметтік маңызы жоғары игілік – мешіт жамағатының бірлігі мен қамқорлығын айқындай түсті.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.