«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде жамағаттың қолдауымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, арам шөптері жұлынып, көгалдандыру жұмыстары атқарылды.
Бұл бастама мешіт маңын көркейтіп қана қоймай, жамағатты тазалық пен тәртіпке шақырудың жарқын үлгісі болды. Игі іске белсене қатысқан азаматтар ортақ үйімізді таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Қазан 2025
4 Джумада-авваль 1447

