«Шейх Зуннун» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, бір бас қой сойылды. Оның еті әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж 4 отбасыға жеткізіліп, сонымен қатар күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік те табысталды.
Бұл ізгі амал отбасылардың тұрмысына қолдау көрсетіп қана қоймай, мешіт жамағатының мейірімділік пен бірлікке үндейтін игі дәстүрін тағы бір мәрте айқындады. Көмек алған жандар ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ақ тілектерін арнады.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.