«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтың демеушілігімен медресеге «Әт-Тәфсир Әл-Тунир» атты оқулықтың 18 данасы уақып етілді. Бұл игі іске жалпы 108 000 теңге қаражат жұмсалды.
Айта кетейік, аталған кітапты ҚМДБ медреселеріне тәпсір пәні бойынша ресми оқулық ретінде бекіткен. Шара барысында имам: «Бұл – университетте бізге дәріс берген ұстазымыз аударған тәпсір кітабы»деп атап өтті.
Бұл бастама жас шәкірттердің діни білімін жетілдіруге үлкен мүмкіндік беріп, олардың Құран тәпсірін терең меңгеруіне жол ашады.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.