«Қамқор-Шарапат» жоспары аясында Тараз қаласының имамдары тарихи-мәдени ескерткіштерге құрмет көрсетіп, «Тектұрмас» қабірінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Қамқор-Шарапат» жоспары аясында Тараз қаласының имамдары тарихи-мәдени ескерткіштерге құрмет көрсетіп, «Тектұрмас» қабірінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадисінде: «Адамдардың жақсысы – өзгелерге көбірек пайда тигізгендері», – делінген. Сондай-ақ халқымыз: «Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі», – деп, қоғамға пайдалы іс жасаудың маңызын дәріптеген.
Жұма – мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Бұл күні мүмін пенде дүние істерінен бойын аулақ ұстап, жүрегін ықыласпен тазалап, Раббысының разылығын үміт етіп құлшылыққа бет бұрады.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім Мені баласынан, әкесінен және барлық адамдардан артық жақсы көрмейінше, толық иман еткен болмайды», – делінген. Бұл хадисті естіген Омар ибн Хаттаб (оған Алла разы болсын): «Уа, Алланың елшісі! Сені жанымнан басқаның бәрінен артық жақсы көремін», – деп жауап берген еді.
Алла Тағала адамды ардақты етіп жаратқан. Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жанды өлімнен құтқарса, барша адамзатты құтқарғанмен тең» деп айтылған. Бұл аяттан адамның өмірін сақтау – ұлы сауап, Алланың разылығына жақын амал екендігі анық көрінеді.
«…Адамның қадірі мен құрметі Қағбадан да артық», – деген Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын). Бұл сөзін ол Мекке фатх болған кезде айтып, мүміннің қадірінің ұлықтығын сахабаларына түсіндірген.