«Қамқор-Шарапат» жоспары аясында Тараз қаласының имамдары тарихи-мәдени ескерткіштерге құрмет көрсетіп, «Тектұрмас» қабірінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты шараға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің мешіт іс басқарушысы Халид Қожахметов бастаған дін қызметкерлері атсалысты. Олар зиярат орнының айналасын қоқыстан тазартып, абаттандыруға үлес қосты.
Мұндай игі іс – жастарға үлгі, ұрпаққа өнеге. Өткенді қадірлеу – болашаққа бағыт, тірілерге аманат.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі