Қордай: Пәтуа сағаты – «Жасанды жолмен ұрықтандыру»

Қордай: Пәтуа сағаты – «Жасанды жолмен ұрықтандыру»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«…Адамның қадірі мен құрметі Қағбадан да артық», – деген Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын). Бұл сөзін ол Мекке фатх болған кезде айтып, мүміннің қадірінің ұлықтығын сахабаларына түсіндірген. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданының, «Қордай» аудандық мешітінде ұстаз Нұрсұлтан Атамбаев жамағатқа «Жасанды жолмен ұрықтандыру» тақырыбында пәтуа сағатын өткізді.

Пәтуадағы үкімдер: Егер қолданылған ұрық пен жұмыртқа ерлі-зайыптыларға тиесілі болып, әйелдің жатырына енгізілсе – бұл амал шариғатта рұқсат етіледі. Бұдан өзге жағдайларда тектің араласуы және «зина» ұғымы туындағандықтан, шариғатта қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ Алла Тағала адам баласын ардақты етіп жаратқандықтан, өзіне тиесілі ұрықты сатуға да, тегін беруге де құқығы жоқ. Бұл пәтуа – мұсылмандардың отбасы құндылықтарын сақтап, шариғат шеңберінде амал етуіне бағытталған. Алла Тағала бізді құндылықтарын ұмытпайтын, тарихын білетін мұсылмандардан қылсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: