Қордай: Қызмет ауыстырған имамға құрмет көрсетілді

Қордай: Қызмет ауыстырған имамға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадисінде: «Адамдардың жақсысы – өзгелерге көбірек пайда тигізгендері», – делінген. Сондай-ақ халқымыз: «Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі», – деп, қоғамға пайдалы іс жасаудың маңызын дәріптеген.

Осы игі дәстүр жалғасып, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Самал мөлтек ауданындағы «Қордай ауылдық» мешітінде имамдар ауысымы өтті. Бұрынғы имам Ерлан Лукмановты жамағат шапан жауып, құрметпен шығарып салды. Ал жаңа тағайындалған имам – Шалбаев Жалил Торсықбайұлы.

Ол – Қордай ауданының бас имамы болып талай жыл қызмет атқарған тәжірибелі дін қызметкері. Жамағат тарапынан айтылған жылы лебіздер мен ізгі тілектер имам еңбегінің бағаланғанын көрсетті. Алла Тағала баршамызға ғибратты ғұмыр, пайдалы қызмет нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: