- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 453
Меркі: РАНТ мүшесі жұма уағызын жүргізді
РАНТ мүшесі, Байзақ ауданыныі бас имамы Қанат Жұмағұл имам «Жақсымбет ата» мешітінде «Қоғамдағы зиянды дерттер» тақырыбында жұма насихатын айтты.
РАНТ мүшесі, Байзақ ауданыныі бас имамы Қанат Жұмағұл имам «Жақсымбет ата» мешітінде «Қоғамдағы зиянды дерттер» тақырыбында жұма насихатын айтты.
Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев, Аса ауыл әкімшілігінің қызметкерлерімен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында профилактикалық шара өткізді. Шарада діни экстремизм мен терроризмнің еліміздің болашағы жастардың санасына ықпалын талқылады.
Аудандық "Бәйдібек" мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы Жайна Бекназарова Өрнек ауылындағы кәсіптік колледж студенттерімен кездесті. Кездесуде зиянды әдеттер туралы ойталқы жасап, "Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жасады.
Қызылқайнар ауылы, "Бейсеу ата" мешітінің айналасын заманауи үлгіге сай еврозабормен қоршап, дарбазасы жаңартылды. Құрылыс жұмыстары мешіт жамағатының біріге атсалысуымен өтті.
Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешітке келген жамағатпен "Дін және жастар" тақырыбын талқылады. Мақсаты, өскелең жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін дұрыс қалыптастыру, оны түрлі қауіп-қатерлерден қорғау, діни сана мен сауаттылықты көтеру.
Өрнек ауылы, "Өрнек" ауылдық мешітінің молдасы Әсет Сүлейменов мешітке жиналған жамағатқа "Нашақорлық және өзге де зиянды әдеттерден аулақ болу" тақырыбында уағыз- насихат жүргізді.