Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы «Ислам дініндегі адалдық» тақырыбында насихат айтты.
Бауыржанұлы Бақытбек насихатында: «Ислам діні – адамзат баласын көркем мінезге, әділетке және адалдыққа тәрбиелейтін кемел дін. Исламдағы ең маңызды моральдық құндылықтардың бірі – адалдық. Адалдық адамның Алла Тағала алдындағы жауапкершілігін, қоғаммен қарым-қатынасын және өз ар-ұятымен байланысын айқындайды. Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде адалдық иманның негізі, мұсылманның айнасы ретінде сипатталады.» - деді.


04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

