Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйытқы болуымен Қосақ ауылдық бейіт сыртындағы көлік тұрағына 30 жүк көлігі көлемінде шағал төселді.
Қосақ қабірстанының айналасы жауынды кездері балшық болып, жақындарын жерлеуге барған халық қиналатын. Осыған орай Байзақ аудандық мешітінің жамағаты қолдау білдіріп, сауапты істе ауызбіршілік танытты. Қазақта «Өлі разы болмай – тірі байымайды», деген нақыл сөз бар. Бұл игі шара «Қамқор шарапат» жобасы аясында ұйымдастырылды.



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

