Жетібай ауылы бұл күні ерекше бір рухқа бөленді. Желтоқсан ызғарында сергітетін спорт мерекесі ауыл аспанын шаттыққа толтырып, жүректерге жігер сыйлады. Шахмат пен теннистен өткен жарыс – тек бәсеке ғана емес, ақыл мен қайраттың, сабыр мен шапшаңдықтың тоғысқан айрықша думаны болды. Ауыл орталығы жас спортшылардың күлкісі мен жанкүйерлердің ыстық ықыласына толып, тіршілік бір сәтке мерекелік әуенге айналғандай әсер қалдырды.
Шахмат тақтасы үстінде ой тереңіне бойлаған жас ойыншылар әр жүрісті зергердің қолынан шыққан бұйымдай дәлдікпен орындады. Ақ пен қара тастардың үнсіз айқасы – ой мен парасаттың майданы іспетті. Ал теннис алаңында доптың зулап ұшқан үні найзағайдай жарқ етіп, ойыншылардың епті қимылы көрерменді еріксіз еліктірді. Әр соққыда – үміт, әр ұпайда – жеңіске деген сенім сезілді.
Жарысқа аудан имамы Қанат Жұмағұл қатысты , бұл сайыс Жетібай жастарының спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ауыл өміріне серпін берген тағылымды шара болды. Ақыл мен дене шыныққан жерде – болашақтың да нық қадам басары анық.
Жарыс қорытындысы бойынша
Теннис
1-орын Тіленшиев Н
2-орын Култаев Ж
Шахмат
1-орын Тұрбаев Ж
2-орын Жұмағұл Қ
Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып жүлделі сыйлықтар берілді, жарысқа қатысушылардың, олардың көзінен қуаныштың шуағы байқалды.



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

