Жамбыл облысы Қордай ауданының бас имамы Егізбаев Әлмұхамметаранжан қарекеңнің ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Жамбыл облысы имамдарының арасында ауызбіршілікті нығайту мақсатында кіші футболдан ашық турнир өтті.
Ашық турнирде Байзақ ауданының имамдары тартысты әрі шебер ойын өрнегін көрсетіп, аудан намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде облыс көлемінде үшінші орынға ие болып, 50 мың теңге жүлдені қанжығаларына байлады.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ойындар өте тартысты өтті. Бұл жарыс жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады деп сенеміз. Осы айтулы жеңіспен Байзақ ауданының тұрғындары мен имам-молдаларын шын жүректен құттықтаймыз!



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

