Жамбыл ауданы, Қапал ауылы "Қапал" мешітінде, Бесағаш ауылы "Бесағаш" мешітінің азаншысы Сабыр Азамат мешіт жамағатына "Дін және жастар" тақырыбында кездесу өткізді. Қазіргі таңда жастарымыздың түрлі шайтани секталардың жетегіне еріп кетіп жатқандары аз емес.
Осыны ескерген дін қызметкерлері ауыл- ауылды аралап, мешіт жамағаттарының ішіндегі әсіресе жастармен көптеп кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жөн көрді. Кездесудің басты мақсаты — жастардың діни сауатын ашып, оларды патриоттыққа және қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, елімізде миссионерлік әрекетпен айналысып жүрген келімсек дін өкілдеріне қарсы бірігіп күресуге шақыру.
Елімізде бұрыннан аталары ахун, ишан болған, мешіт ұстаған дін адамдары мен жаңадан оқып келген жастар арасында қарама-қайшылықтар пайда болды. Міне, осыдан арам, халал астар жөнінде, киім кию, шалбар балағын кесу, сақал қою жөнінде келіспеушіліктер басталды. Сондықтан, жастарды діни ағымдардан, секталардың ықпалынан сақтандыра отырып, одан әрі Ислам дінінің құндылықтарын жас буын өкілдеріне жіктеп түсіндіру қажет.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

