Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Берсүгір Ермуханбет ауылдық мәдениет үйінде "Адалдық және ізгі қоғам" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Адалдық пен ізгі қоғам – тұрақты даму мен әлеуметтік бірліктің негізі. Адал адамдардың адал еңбек пен табысқа ұмтылуы қоғамда сенім ұялатып, береке мен әділдікті орнатады. Адал азамат құндылығы сананы өзгертіп, мейірім мен ізгілікке толы, бір-біріне демеу болатын өркениетті орта қалыптастырады.
Адалдық пен ізгі қоғамның басты құндылықтарын былайша түсінуге болады: "Адал адам – адал еңбек – адал табыс" қағидасының орнығуы, әділдікті бәрінен биік қою. Адалдық жоғалған жерде береке кетеді, сондықтан адал қоғам – мүшелері бір-біріне күмәнданбайтын, сенетін орта. Жанашырлық, көмек көрсету, жылы сөз айту және өмірден түңілгендерге демеу болу — қоғамның рухани тірегі. Озық ойлы ұлт болу үшін әрбір адамның сана-сезімін өзгертіп, адал да әділ болуға талпынуы. Адалдық – мұсылман болмысының айнасы болса, ізгілік – адамдықтың өлшемі. Қоғамда әрбір адам адал еңбек етіп, ізгі амалдар жасағанда ғана әділ әрі кемел қоғам орнайды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

