Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай ауған соғысы ардагерлерінің рухына арнайы Құран бағыштап, дұға жасады.
Игі шара барысында ел тыныштығы мен тәуелсіздігі жолында қызмет еткен азаматтардың ерлігі еске алынып, олардың рухына тағзым көрсетілді. Имам өз сөзінде Отан үшін жанын қиған ерлердің есімі ұмытылмайтынын, кейінгі ұрпақ олардың ерлігін әрдайым қадір тұтуы керектігін атап өтті.
Жиын соңында марқұмдардың рухына дұға жасалып, ел амандығы мен бірлігі тілінді. Бұл тағылымды шара – өткенге құрмет, ерлікке тағзымның көрінісі болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

