Бурыл ауылында қасиетті Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 58 отбасыға көмек көрсетілді. Игі бастама аясында мұқтаж жандарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.
Бурыл ауылында қасиетті Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 58 отбасыға көмек көрсетілді. Игі бастама аясында мұқтаж жандарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен он отбасыға қолдау көрсетілді. Игі бастама ауыл тұрғындары арасында өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталды. Мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Бұл көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлкен демеу болды.
Қазіргі таңда Наурыз мейрамы – діни емес, ұлттық мереке ретінде кеңінен тойланып келеді. Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алатын ерекше мейрам.
Ертеде шығыс халықтары Наурыздың 21-іне қараған түні алау жағып, жаңа жылды жарықпен қарсы алған. Кейбір парсы тектес халықтар бұл дәстүрді әлі күнге дейін жалғастырып, Наурыз мерекесінде от жағып, оның үстінен секіру арқылы пәле-жаладан тазарамыз деп сенеді.
Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Амалдар ниетке байланысты...» деген хадисі әрбір істің мәні мен бағасы ниетке тәуелді екенін білдіреді. Біздің мақсатымыз – отқа табыну емес, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу.
Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән беріледі. Себебі тазалық – иманмен тығыз байланысты ұғым. Мұсылман өміріндегі тазалықтың маңызы мен оның исламдағы орны туралы айтқанда, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» (имам Мүслим) деген хадисі ойға оралады.