Қордай: «Нұрислам» мешітінің имамы халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Қордай: «Нұрислам» мешітінің имамы халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда Наурыз мейрамы – діни емес, ұлттық мереке ретінде кеңінен тойланып келеді. Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алатын ерекше мейрам.

Наурыз күні адамдар бір-бірімен көрісіп, құшақ жая қауышып, ақжарма тілектерін арнайды. Бұл мереке қазақ халқының, жалпы түркі жұртының салт-санасымен біте қайнасқандықтан, шариғатымызға қайшы келмейді.

Ұлыстың ұлы күнін тойлау – ежелден жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылы «Нұрислам» мешітінің имамы Жұмабайұлы Зейне Наурыз мерекесіне жиналған көпшілікті ұлттық мейраммен құттықтап, елге амандық, жұртқа тыныштық, екі дүниенің берекесі мен хайырын тіледі. Имам тағылымы мол насихат айтып, жамағатқа ізгі тілектерін жеткізді. Шара барысында үлкендердің батасы алынды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: