Қордай: «Рахман» мешітінің имамы ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Қордай: «Рахман» мешітінің имамы ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Амалдар ниетке байланысты...» деген хадисі әрбір істің мәні мен бағасы ниетке тәуелді екенін білдіреді. Біздің мақсатымыз – отқа табыну емес, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – елімізде тойланып жүрген Наурыз мерекесі шариғатқа қайшы емес әрі ислам дінінен бастау алатын діни мереке де емес. Дегенмен, мұсылман жұртшылығы бұл мейрамды атап өткенде отты айналу, оттың үстінен аттау секілді зороастризм дініне тән әрекеттерден аулақ болуы қажет.

Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінің имамы ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, тағылымы мол насихат айтты. Елге амандық, жұртқа тыныштық тілеп, игі тілектерін жеткізді. Баршамыздың игі ниеттеріміз бен амалдарымыз қабыл болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты, ақ мол болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: