Қордай: Аудандық мешітте тазалық жұмыстары жүргізілді

Қордай: Аудандық мешітте тазалық жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән беріледі. Себебі тазалық – иманмен тығыз байланысты ұғым. Мұсылман өміріндегі тазалықтың маңызы мен оның исламдағы орны туралы айтқанда, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» (имам Мүслим) деген хадисі ойға оралады.

Бұл хадистегі «طُهُور» (туһур) сөзі тән тазалығын ғана емес, рухани тазалықты да білдіреді. Яғни, исламда тазалық – адамның ішкі жан дүниесі мен сыртқы болмысының үйлесімділігін көрсететін маңызды қағида. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде көктем мезгілінің келуіне байланысты кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мешіт аумағы ретке келтіріліп, айналасы абаттандырылды. Мешітке келген әрбір жан ең алдымен тазалықты көріп, жүрегінде Алланы еске алуы тиіс. Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол – имандылықтың айнасы. Баршамыздың тазалығымыз бекем, иманымыз берік болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: