Қордай: Әжелер алқасының мүшелері Наурыз мерекесіне қатысты

Қордай: Әжелер алқасының мүшелері Наурыз мерекесіне қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеде шығыс халықтары Наурыздың 21-іне қараған түні алау жағып, жаңа жылды жарықпен қарсы алған. Кейбір парсы тектес халықтар бұл дәстүрді әлі күнге дейін жалғастырып, Наурыз мерекесінде от жағып, оның үстінен секіру арқылы пәле-жаладан тазарамыз деп сенеді. Алайда қазіргі таңда елімізде Наурыз мерекесін тойлау барысында отты алаулатып жағу үрдісі қолданылмайды. Себебі, ислам сенімі бойынша отқа табыну – Ұлы Жаратушыға серік қосу (шірк) болып саналады.

Ханафи мәзһабының фиқһ және пәтуа еңбектерінде кездесетін ғұламалардың Наурызға қатысты «тойлау харам» немесе «күпірлік» деген үкімдері тікелей зороастризм (отқа табыну) дінінің ритуалдарына байланысты айтылған. Яғни, өзге діннің рәсімдерін ұлықтау және сол мақсатта орындау – хақ сенімге қайшы деп түсіндірілген. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы Әжелер алқасының мүшелері Наурыз мейрамына арналған салтанатты шараға қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көпшілікке өнеге көрсетті. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: