БАЙЗАҚ: ОН ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

БАЙЗАҚ: ОН ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен он отбасыға қолдау көрсетілді. Игі бастама ауыл тұрғындары арасында өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталды. Мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Бұл көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлкен демеу болды.

Қайырымдылық шарасына Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің молдасы  Рахымбек Кенжебайұлы қатысып, жиналғандарға ізгі тілегін білдірді. Өз сөзінде ол қайырымдылық жасаудың Ислам дініндегі маңызына тоқталып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – әрбір мұсылманның міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, сауапты іске атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді. Аталған шара – қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, адамдарды жақсылық жасауға үндейтін игі іс болды. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: