Байзақ: БУРЫЛДА 58 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Байзақ: БУРЫЛДА 58 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бурыл ауылында қасиетті Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 58 отбасыға көмек көрсетілді. Игі бастама аясында мұқтаж жандарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Аталған шара ауыл тұрғындары арасында мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға бағытталып, көпшіліктің алғысына ие болды. Қайырымдылық көмегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлкен қолдау болды.

Шара барысында жиналған жұртшылыққа Ораза айттың мән-маңызы түсіндіріліп, бір-біріне қамқор болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – ізгі амалдардың бірі екені айтылды. Сонымен қатар, береке мен бірлікті нығайтуға үндейтін ақ тілектер жеткізілді.

Бұл игі іс – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, адамдар арасындағы бауырмалдық пен жанашырлықты арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: