Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам Нұрлан Мұрат жамағатқа, әсіресе жастарға арналған «суицид профилактикасы» тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам Нұрлан Мұрат жамағатқа, әсіресе жастарға арналған «суицид профилактикасы» тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Бүгін мешіт шәкірттері Құран әліппесін толық аяқтап, қасиетті Құранды оқуға алғашқы қадам жасады. Осы қуанышты сәтті бөлісу үшін мешітке қыз-келіншектер жиналып, шәкірттердің жетістігіне ортақтасты.
Құрал қажы мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама аясында мешіт жамағаты бірлік танытып, тұрмысы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті. Шара барысында азық - түлік себеттері таратылып, көптеген жанұяға қуаныш сыйланды.
Әбу Бәкір Ас - Сыддық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, бес адамға пітір садақасы таратылды. Игі шара барысында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, олардың алғысына бөленді.
Шу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпановтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай ауылындағы «Абай» мектебінің оқушылары қатысып, «Дін мен азаматтық сананы қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды сұхбат өрбіді.
Шара барысында бас имам Ержан Көшкімбай жамағатпен жүздесіп, «Әскери борышты өтеу үкімі» тақырыбында мазмұнды уағыз жүргізді.