«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам Нұрлан Мұрат жамағатқа, әсіресе жастарға арналған «суицид профилактикасы» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Кездесу барысында имам қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жастардың психологиялық күйзелісі мен өмірге деген құлшынысының төмендеуі жайына тоқталып, оның алдын алудың маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Ол өз сөзінде адам өмірінің қадір-қасиеті исламда ерекше бағаланатынын атап өтіп, қандай қиындық болса да сабыр сақтап, үміт үзбеудің маңызын жеткізді.

Сонымен қатар, жастарды қиын сәтте жалғыз қалмауға, ата-анаға, ұстаздарға немесе сенімді жандарға жүгінуге шақырып, бір-біріне жанашыр болуға үндеді. Жамағатқа рухани тірек болатын құлшылықтың, дұға мен ізгі амалдардың адам жанына тыныштық сыйлайтыны да кеңінен насихатталды.

Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастардың рухани иммунитетін күшейтіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Ұлттық құндылықтар мен әжелер мектебінің тәлім-тәрбиесі де осындай сәттерде айрықша көрініс тауып, жас ұрпақтың санасына ізгілік дәнін себуде маңызды рөл атқарады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: