#Тараз қаласындағы “Кеңесхан қажы” мешітінде ерекше рухани шара өтті

#Тараз қаласындағы “Кеңесхан қажы” мешітінде ерекше рухани шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін мешіт шәкірттері Құран әліппесін толық аяқтап, қасиетті Құранды оқуға алғашқы қадам жасады. Осы қуанышты сәтті бөлісу үшін мешітке қыз-келіншектер жиналып, шәкірттердің жетістігіне ортақтасты.

Іс-шараның ашылуында аталған мешіттің имамы Мәден Мұхаммеджан Құран аяттарын оқып, шәкірттерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар, жиынға ақ жаулықты әжелеріміз бен ұстаздар қатысып, өздерінің ақ баталарын берді.

Шара барысында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі ұстаз Жазира Иманалиева, Жанат Көшербаева және Айнұр Мусабекова Құранның қадір-қасиеті мен маңызы туралы мазмұнды әрі әсерлі ойларымен бөлісті.

Ал жоғары саты шәкірттері сахналық қойылымдар көрсетіп, қызықты сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастырып, кештің мазмұнын арттыра түсті.

Шара соңында мешіт ұстазы Зейнеп Жәдіргерқызы Құранның ақыреттегі шапағаты, кей жағдайда шағымшы болатынын еске салып, қасиетті кітапты өмірлік жолбасшы етіп ұстануға шақырды.

Бұл насихат шәкірттердің жүрегіне ерекше әсер қалдырды. Іс-шара қорытындысында Құран оқуға қадам басқан қыздарға тәж кигізіліп, естелік суреттерге түсірілді. Ақ жаулықты әжелеріміз ақ тілектерін айтып, баталарын берді. 

Осындай игі бастамалар шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып,
рухани өмірлеріне береке сыйлайтыны сөзсіз. Алла Тағала баршамызға Құранмен амал етуді нәсіп етсін.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: