#Шу: Шу ауданында жастар тәрбиесіне бағытталған маңызды кездесу өтті

#Шу: Шу ауданында жастар тәрбиесіне бағытталған маңызды кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Шу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жәми»  мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпановтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай ауылындағы «Абай» мектебінің оқушылары қатысып, «Дін мен азаматтық сананы қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды сұхбат өрбіді.

Кездесу барысында жастарға рухани құндылықтардың маңызы кеңінен түсіндіріліп, дін мен қоғам арасындағы байланыстың өзектілігі айтылды. «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өткен шарада адалдық, адамгершілік және сана-сезім мәселелері талқыланып, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.

Жастар өз ойларын еркін білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың рухани дамуына, азаматтық көзқарасының қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: