Шара барысында бас имам Ержан Көшкімбай жамағатпен жүздесіп, «Әскери борышты өтеу үкімі» тақырыбында мазмұнды уағыз жүргізді.
Кездесу барысында Отан алдындағы борышты өтеудің маңызы, оның діни тұрғыдағы үкімі кеңінен түсіндірілді. Имам әскери қызметтің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, әрбір азаматтың жауапкершілігі мен парызы жайында айтты.
Жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Пәтуа сағаты қатысушыларға ой салып, азаматтық сана мен рухани жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

