Құрал қажы мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама аясында мешіт жамағаты бірлік танытып, тұрмысы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті. Шара барысында азық - түлік себеттері таратылып, көптеген жанұяға қуаныш сыйланды.
Қайырымдылық іс - шарасының жоғары деңгейде өтуіне мешіт имамы Сайлаубеков Марат ұйытқы болып, жамағатты жақсылық жасауға үндеді. Ол өз сөзінде қайырымдылық - адамгершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтіп , мұндай игі істердің қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді.
Жамағат мүшелері де белсенділік танытып, бір - біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын іс жүзінде дәлелдеді. Осындай шаралар арқылы адамдар арасында мейірімділік, жанашырлық пен бауырмалдық қасиеттері арта түседі.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп , мұқтаж жандарға көмектесуді жалғастыратынын жеткізді.



02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

