Меркі аудан әкімшілігінде өткен кеңес

Меркі аудан әкімшілігінде өткен кеңес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімшілік тарапынан жалпы ауданның тыныс-тіршілігі және діни ахуалы, теріс пиғылды ағымдар жайлы аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов баяндама жасап, жалпы ауданда шеттен тым шығып, келеңсіз оқиғалар байқалмайды. Дегенмен, қол қусырып отырғанымыз болмайды. Дәстүрлі дініміздің көркейуіне , оның болашағына бәріміз алаңдауымыз керек. Сондағана ауданымызда тыныш, алаңсыз өмір болады. Жиында аудан әкімі ауыл әкімдеріне қайырылып, өзгеден көрі ауылдың тыныс-тіршілігін сіздер жақсы білесіздер, әр отбасының өмір сүру жағдайын, ауыл жастары немен шұғылдануда, діни ұстанымы қандай, әркезде халықпен тығыз байланыста болыңыздар.

Сөз кезегін ауданның бас имамы Қасымалиев алып, жалпы аудан көлеміндегі діни ахуалға, шариғи мәселелерге тоқталды.Ауданда діни мәселе жағынан жағдай бір қалыпты. Жиынға қатысып отырған ауыл басшылары біледі, ауыл имам-молдалары қандайда бір мәселе туындаса ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыс жасайды. Осы жерде айтатын бір мәселе, сіздер оны көріпте, естіпте жүрген шығарсыздар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытта жұмыс істеу іс-шаралар тапсырмасы бар. Қазіргі кезде осы бағытты іс жүзінде орындауға атсалысып жатырмыз.

Бұдан өзге Ұлттық қауіпсіздік өкілдері, аудандық ішкі істер өкілдері, мекеме басшылары қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Аудандық «Меркі-ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: