Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды

Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Тараз  қалалық "Әулие-Ата" мешітіне Алмаханов Аят Дыбысұлы бас имам болып тағайындалды. 

«Әулие-Ата» мешітіне жұма намазға жиналған қалың жамағат алдында облысымыздың өкіл имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы мешіт мінберінде жұма уағыз - насихатын айтты. Содан соң, жамағат алдында «Әулие-Ата» мешітіне жаңадан тағайындаған бас имамы Аят Дыбысұлын  таныстырды және қала имамы болып жаңа тағайындалған имамға тапсырылған жұмысты ары қарай жалғастыруға сәттілік тіледі.

Ал, осы уақытқа дейін «Әулие-Ата» мешітінде бас имам қызметін атқарып келген  Керімбек Ахметжан Пірәліұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 2014 жылдың 22 қаңтарындағы  бұйрығымен Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің Бас имамы қызметін сақтай отырып, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне бірінші найб имам болып тағайындалған болатын. Осы қызметі барысында облыс имамы Данияр қажының әркез қасынан табылып, көптеген салихалы істер атқарды.

«Әулие-Ата» мешітіне жиналған көпшіліктің ортасында «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Алимұхамедұлы осы уақыт аралығында қаламыз бен дінімізге ерен еңбегін сіңірген Ахметжан Пірәліұлын жаңа қызметімен құттықтап, сөз кезегінде: «Дін Ислам, оның талаптары тұрған жерде оның бейбітсүйгіш қағидаттары айтылып, дәріптеліп, бірнеше ұрпақтың бойына сіңіп келе жатқан жерде, татулық, ымырашылдық, мұсылман баласының бір-біріне жақсылық тілейтіні белгілі», - деп, дінге толық сауаттанып, діннің барлық талаптарын діни сауаттылық деңгейінде түсініп үлгермеген қоғам бар жерде, мешіт имамдарының да еңбегінің биік маңызға ие екендігін айтты, қаламызда 5 жылдай қызмет еткен Ахметжан Пірәліұлына қаланың барша жұртшылығы және мешіт жамағаты  атынан Жахан ақсақал алғыс айтты. Сондай-ақ,  Тараз қаласының көлемінде бас имам болып келіп отырған жаңа имамның басқан қадамы құтты болып, еліміз бен жерімізде татулық, бірлік бола берсін деген жылы лебізін білдірді. Қаламыздың жамағаты Ахметжан имамның иығына шапан жауып, жаңа қызметіне табыс тілеп, шығарып салды.

Жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметіне тағайындалған Ахметжан қажы Керімбек 2001-2010 жылдары да ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы қызметін абыроймен атқарған. Сондай-ақ, 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен және 2010 жылы ОҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Қалалық мешітке жаңа тағайындалған бас имам Аят Дыбысұлы 1974 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Сауытбек ауылында  дүниеге келген. Отбасылы, 7 баланың  әкесі. Ауданға абыройлы, жамағатқа силы азамат. Діни қызметін 1994 жылы Шу аудандық «Төле би» орталық мешітінде наиб имам болудан бастап, 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін сол мешітте бас имамдық қызмет атқарған.

Екі имамға да алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: