Отанды сүю иманнан

Отанды сүю иманнан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданында  «Әскерге шақырушылар күнін» өткізу науқаны аясында әскер қатарына барушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті.

    Көктемгі және күзгі шақыру науқаны жастарды патриоттылыққа тәрбилеу мен әскерге шақырудың мемлекеттік маңызын арттыра түсіреді. Қарулы Күштерде қызмет ету әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Туған жерімізді жаудан қорғау, елге адал болу өткен шараның мақсаты болып табылады.

    Шығарып салу рәсіміне аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы, аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі Бижанов Қожайхан, аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Джамагузов Рашид қатысты.

   Сөз кезегінде бас имам Сұлтаншәріп қажы: «Мынау байтақ даламыз ата-бабаларымыздың білегінің күшімен найзаның ұшымен сақтап калған кімнің жүрегінде иманы болса елің, жерін,отанын ,отбасын қорғайды.Сол себептен құрметті сарбаздар сіздер жылы үйлеріңізді, отбасыларыңызды тастап отан қорғауға аттанғалы отырсыздар Ата-аналарыңыз сіздерге үлкен үміт артып отыр сол үміттерін ақтаныздар»- дей келе «Екі көзді тозақ оты шалмайды біріншісі отан қорғанан, екіншісі Алла Тағаланы еске алып жылаған көзді» деп Пайғамбарымыз сғс  хадисін келтірді

   Жиын соңында арнайы дайындаған сыйлықтар естелік ретінде жас сарбаздарға табысталып, патриоттық әндермен ұласты.  

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер

Т.Рысқұлов ауданы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: