"Қордай" ауылшаруашылығы колледжіндегі келелі кездесу

"Қордай" ауылшаруашылығы колледжіндегі келелі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Ноғайбай ауылында орналасқан Кеңес дәуірінен аты шыққан «Қордай» ауылшаруашылығы  колледжінде келелі кездесу  өтті. Кездесу «Бағалайық пендені тірісінде, тәрбие қайдан басталады» атты тақырыптарда өтті. Кездесуге Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, Ноғайбай ауыл округінің әкімі Е.Джапарбеков, колледж директоры Е.Есперов, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Райымбеков, ауыл ақсақалдары, апа-әжелер және студенттер қатысты. Тақырып бойынша Ә.Шалбай үлкенге құрмет, ата-ананы құрметтеу, бұл дүниеден өткен ата-бабаларымызға құрмет жайлы уағыз айтты. Жиын барысында жаназа рәсімдері жайлы сөз қозғалып, осы жайлы Ә.Шалбай біраз түсіндірме жүргізіп, бұл рәсім ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Көзқарас» бағдарламасында айтқандай бір ізділікке түсіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын  айтып өтті. Жаназа рәсімдерінде ысырапшылдыққа, бос  бәсекеге жол бермеу жайлы және қабірлердің салынуында да ысырапшылық жасамай, бір тектес қылу мәселесінде Ә.Шалбай өз сөзінде түсіндіріп өтті. Бас имамға қабір басында имамдардың уағыз айтуының қаншалықты дұрыстығы жайлы, суицид мәселесі және т.б сұрақтар қойылып, сұрақ қоюшылар Ә.Шалбай тарапынан дәлелді жауаптар алды. Кездесуде маңызды мәселелер көтеріліп, тәрбиелік, өнегелік маңызы зор болды деп есептейміз.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: