Меркі ауданында игі іс-шара өтті

Меркі ауданында игі іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қашанда дәстүрлі дініміздің жанашырларының тынымсыз еңбектерінің арқасында ауданымызда діни жағдай бір қалыпты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілеттілігінің ұйымдастыруымен ауданымызға тағы да діни істер жөніндегі топ келді. Мұндай топтар жыл басынан бірінші емес.

Бұл жолы келген топта «Асым-ата» мешітінің имамы Ахметов Хамидулла және «Құбай-баба» мешітінің имамы Сматов Талғат, ауданымыздан аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкері, БАҚ-ның тілшісі Әлихан Нұралиев, Аудандық «Меркі-ата» мешітінің найб имамы Жанықұлов Нұрбек, «Қарабала Төре» мешітінің имамы Абдразақов Азамат бірлесе қызмет атқарды.

Топ мүшелері аудандағы №9 колледж, Асанбай Асқаров атындағы колледжде, әскери бөлімдерде іс-шара жүргізді. Іс-шараның  негізгі тақырыбы еліміздің келешек ұрпақтардың болашағы, білімді, салауатты болу, өзін-өзі құрметтеу, ата-ананы, ұстаздарды құрметтеу, Ислам дінінің құндылықтары, жат ағымдар мәселесі жайлы уағыздар айтылды. Кездесу соңында сұрақ-жауаптар, пікірлер айтып, қанағаттарлықтай әсерде болып тарқасты.

Меркі ауданы «Меркі-ата» мешіті баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: